«Бавария» - клубтар арасындағы әлем чемпионы

12.02.2021, 13:28
Ханс Дитер Флик шәкірттері 2020 жылғы мүмкін болған жүлденің бәрін жеңіп алды.
«Бавария» - клубтар арасындағы әлем чемпионы

Клубтық әлем чемпионатының финалында "Бавария" "Тигрестен" басым түсті. Кездесу Эр-Райян (Катар) қаласындағы "Эдьюкейшн Сити" стадионында өтіп, 1:0 есебімен мюнхендік клубтың пайдасына аяқталды.

Кездесудегі жалғыз әрі жеңісті голды "Бавария" командасының қорғаушысы Бенджамин Павар соқты. Төреші Левандовскийдің офсайдта болғанын ескеріп, бұл голды есепке алмады. Алайда, VAR эпизодқа араласып, Левандовскийдің дұрыс позицияда екенін және голдың таза соғылғанын анықтады.

"Бавария" өз тарихында екінші рет клубтар арасындағы әлем кубогін жеңіп алды. 2013 жылы мюнхендік клуб аталмыш турнирдің финалында марокколық "Раджаны" жеңіп (2:0) алғашқы кубогіне ие болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×