Ринат Алюетов: «Басшылық жергілікті ойыншыларды дамыту мақсатын қойды»

12.02.2021, 14:39
Жастармен ойнап та жеңіске жетуге болады
Ринат Алюетов: «Басшылық жергілікті ойыншыларды дамыту мақсатын қойды»

"Жетісу" футбол клубының бас бапкері Ринат Алюетов "Олимп-Долгопрудный" ұжымына қарсы матч туралы пікір білдірді:

- Оқу-жаттығу жиынында өткен бірінші кездесуде қобалжу болды, бірақ біз жеңіске жете алдық. Маған жігіттердің өзара қарым-қатынасы ұнады, алаңдағы ойыншылардың 70%-ы Талдықорған мен Алматы облысынан болғанын ерекше атап өткен жөн. Басшылық өзіміздің жергілікті футболшыларды дамыту мақсатын қойды. Негізінде бұл мақсат қазіргі уақытта орындалуда. Алда үлкен жұмыс күтіп тұр, біз дамып, әдемі ойын көрсетеміз.

Еске салайық, қазір "Жетісу" клубы Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Алюетов шәкірттері "Олимп-Долгопрудный" клубымен болған алғашқы кездесуде 2:0 есебімен жеңіске жетті. Талдықорғандық клуб сапынан Александр Кислицын мен Рауль Джалилов көзге түсті.

"Жетісу" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×