«Бавария» мен «Барселона» ширек финалда кездеседі

09.08.2020, 03:01
Ойын бір матч негізінде ойналатынын ескерсек, бұл жылдың үздік матчы болайын деп тұр.
«Бавария» мен «Барселона» ширек финалда кездеседі

Чемпиондар лигасының 1/8 кезеңінің жауапты матчында «Бавария» «Челсиді» ірі есеппен жеңді. Кездесу Мюнхендегі "Альянц Арена" стадионында өтіп, 4:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

"Бавария" шабуылшысы Роберт Левандовски дубль жасады. Тағы бір голды мюнхендік клубтың жартылай қорғаушылары Иван Перишич пен Корентин Толиссо соқты. «Челсидің» жалғыз голын шабуылшы Тамми Абрахам соқты.

Жалпы алғанда, Мюнхендік команда турнирдің 1/4 финалына шықты. Бірінші ойында «Бавария» «Челсиді» 3:0 есебімен жеңген болатын.

Чемпиондар лигасының кезекті ойынында "Барселона" "Наполиге" қарсы жауапты ойынын өткізді. Кездесу «Камп Ноу» стадионында өтті және алаң иелерінің пайдасына аяқталды (3-1).

Есепті алаң иелерінің қорғаушысы Клеман Лангле кездесудің 10-минутында ашты. 13-минутта каталондықтардың капитаны Лионель Месси жеке өзі екінші голды соғып, есепті еселеді. Бірінші таймның қосымша уақытында Испаниялық клубтың шабуылшысы Луис Суарес пенальтиді сәтті орындап, матчтың нүктесін қойғандай көрінді. Алайда, төрт минуттан кейін пенальти "Барселона" қақпасына тағайындалды. Бұл 11 метрлік айып добын «Наполи» шабуылшысы Лоренцо Инсинье жүзеге асырды.

Екінші таймда гол соғылған жоқ. Жалпы есеп - 3:1.

Бұл нәтиже «Барселонаға» Еуропадағы басты жарыстың келесі кезеңіне өтуге мүмкіндік берді. Неапольдағы алғашқы матч тең есеппен аяқталған еді - 1:1. Ширек финалда каталондықтар «Бавария» клубымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×