Астана Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде кіммен ойнауы мүмкін?

09.08.2020, 15:08
«Астана» өз қарсыласын бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де білетін болады
Астана Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде кіммен ойнауы мүмкін?

«Астана» Чемпиондар лигасының жеребесі бойынша төртінші топтың іріктелген командаларының қатарында болады.

Михал Билектің командасы іріктеу кещеңін бірінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы келесі төрт команданың бірі болады: "Динамо Брест" (Беларусь), "Рига" (Латвия), "Тирана" (Албания) немесе "Силекс" (Солтүстік Македония).

Чемпиондар лигасының бірінші турының жеребесі 9 тамызда өтеді және Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталады. Жұптың жеңімпазы көрерменсіз ойнайтын бір матчтың нәтижелері бойынша анықталады, және тең түскен жағдайда, қосымша уақыт немесе пенальти сериясы арқылы жеңімпазды анықтайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×