Роналду маусымды қорытындылады

09.08.2020, 15:51
Пирлоның қол астында біраз жетістікке жететін шығар
Роналду маусымды қорытындылады

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду маусымды қорытындылады. Португалиялық футболшы өзінің Инстаграмына үлкен хабарлама жариялады, онда ол жыл сайын жақсарып, күшті болғысы келетіні туралы айтты.

Естеріңізге сала кетейік, «Ювентус» Италия чемпионатын жеңіп алды, бірақ ел кубогының финалында және Суперкубок матчында ұтылып қалды. Ал екі кездесудің қарсаңында команда «Лионды» жеңе алмады және 1/8 финалдың нәтижелері бойынша Чемпиондар лигасынан шығуға мәжбүр болды. Бас бапкер Маурицио Сарри қызметінен кетіп, Андреа Пирло жаңа тәлімгер болып тағайындалды.

«2019/20 маусымы біз үшін әдеттегіден әлдеқайда кешірек аяқталды, бірақ бәрібір біз күткеннен ертерек бітті.

Барлық нәрсені түсінуге, артықшылық мен кемшіліктерді талдауға уақыт келді, өйткені сыни тұрғыдан ойлау - өзіңді жетілдірудің бірден-бір жолы.

«Ювентус» сияқты үлкен клуб әрқашан әлемдегі ең мықты команда екенін ойланып, жұмыс істеуі керек. Сонда сіз өзіңізді әлемдегі ең жақсы және ең үлкен клубтардың бірінде ойнап жүрмін деп айтуға болады.

Осындай қиын жылдағы А сериясының кезекті жеңісі біздің мақтанышымызға айналды. Жеке өзім, мен «Ювентус» үшін 37 гол, Португалия құрамасы үшін 11 гол соқтым, соның арқасында мен жыл сайын күшейіп, үздік болғым келеді.

Бірақ жанкүйерлер бізден көп нәрсені талап етеді. Біз қолымыздан не келетінін дәлелдеуіміз керек, жанкүйерлерлің сенімін ақтауымыз керек.

Осы қысқа үзіліс барлығымызға болашақ туралы жақсы шешім қабылдауға, бұрынғыдан гөрі күшті болуға және мақсатқа жетуге көмектеседі», - деп жазды Роналду.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×