"Бавария" мен "Боруссия Д" жүз пайыздық көрсеткішпен

13.09.2015, 02:57
"Бавария" мен "Боруссия Д" жүз пайыздық көрсеткішпен
Екі командаға да үш ұпай алу оңайға соққан жоқ.  "Аусбург" мюнхендік "Бавария" үшін қашан да ыңғайсыз қарсылас. Өткен маусымның 32-ші турында дәл осы команда "Альянс-Аренада" жеңіс тойын тойлап кеткен еді. Чемпионаттың басындағы үш ойында да жеңіске жеткен Гвардиола баптайтын жігіттер ойынды ширақ бастағанымен, бірінші таймның аяғында қонақтар ұрымтал сәтті пайдаланып гол салып кетті. Алаң иелері есепті екінші таймның 77-ші минутында ғана теңестіре алды. Ал, жеңісті голды пенальтиден Томас Мюллер қақпаға дарытты. «Бавария» - «Аугсбург» 2:1 (0:1) Голдар:Эссвайн, 43 (0:1); Левандовски, 76 (1:1); Мюллер, 90 (2:1, пен.) Өз кезегінде маусымды сәтті бастаған дортмундықтар да 4-ші турда "Ганноверден" басым болды. 6 гол салынған кездесуден Томас Тухель командасы жеңімпаз болып шықты. "Боруссия Д" мен "Бавария" екеуі 12 ұпаймен көш бастап тұрса, Бундеслигадағы алғашқы маусымын өткізіп отырған "Ингольштадпен" тең түскен "Вольфсбург" олардан 4 ұпайға қалып келеді. «Ганновер» - «Боруссия Д» 2:4 (1:2) Голдар: Собех, 18 (1:0), Обамеянг, 35 (1:1, пен.), Мхитарян, 44 (1:2), Собех, 53 (2:2), Фелипе, 67 (2:3, өз қақпасына), Обамеянг, 85 (2:4). «Ингольштадт »- «Вольфсбург» 0:0 (0:0)
 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×