Роналдудың пента-тригі "Эспаньолды" тас-талқан етті

13.09.2015, 03:20
Роналдудың пента-тригі "Эспаньолды" тас-талқан етті
Сонымен қатар португалдың сұрмерген мансабындағы ең жылдам хет-тригін жасады. Мадридтің "Реалы" сырт алаңда "Эспаньолмен" кездесіп қарсыласқа мүмкіндік бермеді. Кездесудің интригасы ойынның 20-шы минутына дейін Криштиану үш голған салғаннан кейін-ақ өлген еді. Алғашқы голын 30 жасар футболшы Модричтің пасынан кейін қақпашымен жеке-дара шығып салады. Екінші голды пенальтиден тоғытса, үшінші добын Бэйлдің әуелете берген пасынан соң қақпаға дарытады. Бұған дейін Роналду оң үш минут ішінде үш гол салып көрмеген еді. Бірінші таймның нүктесін сол Роналдудың пасынан кейін Бензема қояды. Таймның аяқталар тұсында французда тамаша мүмкіндік болғанымен, доптың қақпада торында тулауына қақпа бағанасы кедергі болады. Ал, Роналду болса екінші таймда тағы екі мәрте мергендігімен көзге түсіп Испания Премьерасындағы екінші пента-тригін атына жазады. 3 ойында 7 ұпай алған "Реал Мадрид" бірінші орынға көтерілді. «Эспаньол» - «Реал» 0:6 (0:4) Голы:Роналду, 7 (0:1); Роналду, 17 (0:2, пен.); Роналду, 20 (0:3); Бензема, 28 (0:4); Роналду, 62 (0:5), Роналду, 80 (0:6).
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×