"Манчестер Сити" мен "Арсенал" жеңісті жолдарын жалғастыруда

13.09.2015, 04:50
"Манчестер Сити" мен "Арсенал" жеңісті жолдарын жалғастыруда
Пеллегрини командасы қатарынан бес ойында қарсыластарынан басым түсіп отыр "Қалалықтар" 5-ші турда осы маусымда "Челсиді" "Стэмфорд Бриджда" жеңіп үлгерген "Кристал Пэласке" қонаққа барды. Ойын тең аяқталардай көрінген сәтте, алаңға тыңнан қосылған "Манчестер Сити" түлегі 18 жасар Келечи Ихеаначо керек кезде керек жерден табыла кетіп матчтағы жалғыз голдың авторы атанды. Кристал Пэлас - Манчестер Сити 0:1 (0:0) Гол: Ихеаначо, 90. Ал, "Арсенал" болса "Сток Ситиге" қарсы ойында айтарлықтай қарсылық көре қойған жоқ. Марк Хьюз шәкірттерінің қақпасына "зеңберікшілер" қос таймда бір-бір голдан тоғытты. Бірінші таймда Уолкотт көзге түссе, ойынның негізгі уақытының аяқталуына 5 минут қалғанда Оливье Жиру маусымдағы екінші голын салды. Арсенал - Сток Сити 2:0 (1:0) Голдар: Уолкотт, 31 (1:0), Жиру, 85 (2:0).  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×