«Бавария» ПСЖ шабуылшысын қатарға қоспақ

04.10.2020 16:59 Бундеслига

Камерундық ойыншы еркін агент болып табылады.

«Бавария» ПСЖ шабуылшысын қатарға қоспақ

Шабуылшы Эрик-Максим Шупо-Мотинг мансабын Германия чемпионатында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Telefoot журналисі Сабео Десфарге өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Дереккөздің хабарлауынша, «Бавария» 31 жастағы камерундық футболшының қызметіне қызығушылық танытып отыр. Мюнхендік клуб ойыншының агентімен келіссөздер жүргізуде. Еске салайық, "Пари Сен-Жерменмен" келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін Шупо-Мотинг еркін агент атанды. Осылайша, «Бавария» шабуылшының трансфері үшін ақша төлемейтін болды.

2019/2020 жылғы маусымда Шупо-Мотинг барлық турнирлерде "Пари Сен-Жермен" үшін 20 матчта 6 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген. 2010 жылдан бастап ойыншы Камерун құрамасына шақыртылып келеді.

0 пікір