Рукавина: «Қазақстанда футбол танымал емес деп ойладым»

04.10.2020, 22:46
«Астананың» қорғаушысы Антонио Рукавинамен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
Рукавина: «Қазақстанда футбол танымал емес деп ойладым»

«Астананың» қорғаушысы Антонио Рукавина Юрген Клопптың басшылығымен өткен ойын, «Вильярреалдан» Қазақстандық клубқа ауысу, «Манчестер Юнайтедпен» кездесу (2:1) туралы айтып берді.

- Сіз әлем чемпионатында ойнадыңыз. Қазір әлем чемпионаты мен Чемпиондар лигасының топтық кезеңін таңда десе қайсысын таңдар едіңіз?

- Мен биыл Чемпиондар Лигасының тобында ойнаймыз деп ойладым, бірақ нәтиже болмады. Әлем чемпионатына әлі көп уақыт бар, мен ол кезде ойнамайтын шығармын, сондықтан Чемпиондар Лигасын таңдаймын. Сіз болып жатқан жағдайға оң көзқараспен қарауыңыз керек, қолымнан келе ме, жоқ па, оны көре жатармыз.

- "Боруссияда" сіз Юрген Клопптың басшылығымен ойнадыңыз. Оның жетістігінің сыры неде?

- Ол кезде Клопп қазіргідей танымал болған жоқ. Ол жас жаттықтырушы еді және Дордмундтық клубты шыңға қайтару үшін жоспар бойынша жұмыс істеді. Басты сыры - Клопптың ойыншылармен байланысы жақсы және ол эмоцияларын өте айқын көрсетеді, сіз оны байқай аласыз. Әрине, Клопп өте мықты бапкер. Қазіргі кезде Гвардиола мен Моуриньодан мықты.

- Сіз Мирослав Джукичтің жетекшілігімен ойнадыңыз.

- Ия, ол менің футболдағы әкем. Мен Джукичтің қол астында Сербия құрамасы мен «Вальядолидте» ойнадым. Марселино маған «Вильярреалда» көп нәрсе үйретті. 30 жастағы ойыншы тәжірибелі футболшы деп саналса, мен осы жастан бастап футбол үйрене бастадым.

- Сіз Сербия мен Қазақстанның чемпионы болдыңыз. Қай чемпионат қиын болды?

- Әр чемпионаттың өз қиыншылығы бар. Мен "Партизанда" ойнаған кезде жас едім. Біз "Црвена Звездамен" бәсекелестік. Өз мансабымды аяқтау үшін Қазақстанға келдім. Бірақ мен әр клубта өз ізімді қалдырғым келеді. "Астана" - жақсы ұйымдастырылған команда. Әр лиганың өзіндік қиындықтары мен ерекшеліктері бар.

- Сіз «Вильярреал» құрамында Еуропа лигасының матчында "Астанаға" қарсы ойнау үшін келгеніңізде, мансабымды Қазақстанда аяқтаймын деп ойладыңыз ба?

- Бұл тағдыр. Мен бұл жерде "Вильярреал" футболшысы ретінде ойнадым. Бұл менің Қазақстанға бірінші рет келуім еді. Әрдайым бұл елдің өте алыс екені туралы түсінік болды. Бірақ барлығы Қазақстан туралы нашар пікірлер айтады, дегенмен олар бұл ел туралы ештеңе білмейді. Бірінші ой: «бұл алыс және суық жер. Онда футбол танымал емес». Сол кезде мен осындай суық ауа-райында ойнау ең жақсы идея емес деп ойладым. Минус 20, минус 40. Сондықтан мен үшін стадион төбесінің жабық болуы маңызды болды. Содан кейін алаңды көріп, мүмкін бір күні осында болатын шығармын деп ойладым. Ақыр соңында, осылай болды. Мен келісімшартқа отырған кезде қайда бара жатқанымды жақсы түсіндім. Әрине, сіз екі күнде бәрін көре алмайсыз. Сондықтан мен әрдайым футбол ойнайтын достарыма «Астана» - жақсы клуб деп айтамын.

- Астананың құрамында сіз «Партизанға» қарсы ойнадыңыз. Сол сәтте қандай сезімдерді бастан кешірдіңіз?

- Бұл эмоционалды сәт болды. «Астананың» бұрынғы ойынын Сербияның көрмегені өкінішті. Белградтағы соңғы ойын ештеңені білдірмеді. Екі рет жеңілгеніміз өкінішті. Мен сол сәтте "Партизан" сапында ойнаған кезге қайта оралдым.

- Сіз «Манчестер Юнайтедтің» қақпасына гол соқтыңыз, бірақ бұл гол қорғаушыға жазулды. Осы голды тойлағаныңыз туралы айтып беріңізші.

- Ия, бұл автогол болды, бірақ оның 90%-ы маған тиесілі. Мен аталған голды скрипка ойнау стилінде атап өттім. Менің бір досым бұл оркестрдегі ең жақсы аспап деп айтатын. Осылай болды, бұл әрекет сол кезде есіме түсті.

- Қазір "Астанада" Балқан түбегінен келген ойыншылар өте көп. «Астананың» тарихында да әрдайым осы аймақтың ойыншылары болған. Сіз клуб тарихындағы ең жақсы ойыншы деп кімді атай аласыз?

- Ненад Эрич, жүз пайызға. Бұл клубтың тірі аңызы. Осы 10 жыл ішінде ол команда үшін көп нәрсе жасады. Ол сонымен қатар команда капитаны. 10 жыл бойы қақпада тұрды. Команда оның тағы бір жыл немесе мүмкіндігінше ұзақ ойнағанын қалайды. Бұл клуб үшін де, команда үшін де маңызды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×