ПСЖ бірден екі ойыншыны жалға алмақшы

04.10.2020, 22:53
Шупо-Мотингтің орнына жас шабуылшыны алмақшы.
ПСЖ бірден екі ойыншыны жалға алмақшы

«Эвертон» шабуылшысы Мойзе Кин мансабын Франция чемпионатында жалғастырады, деп хабарлайды Get French Football News.

Дереккөздің хабарлауынша, "Пари Сен-Жермен" 20 жастағы футболшыны жалға алу туралы келісімге қол жеткізген. Жалдау шартының мерзімі айтылмады. Бұған дейін, Киннің «Ювентуске» оралуы мүмкін екендігі хабарланған болатын.

Кин «Ювентус» академиясына 2011 жылы түсіп, негізгі командадағы дебютін 2017 жылы жасады. Италиялық шабуылшы 21 кездесуде 8 гол соқты. 2019 жылы футболшы «Эвертонға» 27,5 миллион еуроға ауысты, 2019/2020 маусымда ол 33 кездесу өткізіп, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Шабуылшы Италия құрамасында дебют жасап үлгерді - бес матчта екі гол соқты. Киннің «Эвертонмен» қазіргі келісімі 2024 жылға дейін жасалған.

«Портудың» жартылай қорғаушысы Данило Перейра ПСЖ-ға ауысады. 2020/2021 жылғы маусымда Париждік клубта жалда ойнайды. Және келесі маусымда да командада қалу мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Get French Football News.

Данило - "Эшторилдің" түлегі. 2015 жылы ойыншы "Маритимудан" "Портуға" 4,5 миллион еуроға ауысты. Перейра португалиялық команда үшін 202 матч өткізіп, 19 гол соғып, сегіз голдық пас берді. 2020/2021 маусымда жартылай қорғаушы үш кездесу өткізіп, тиімді әрекеттермен көзге түсе алмады.

Перейра Португалия құрамасында 39 кездесу өткізіп, екі гол соққан. Transfermarkt интернет-порталы ойыншының қазіргі трансферлік құнын 24 миллион еуроға бағалайды.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×