«Бавария» шабуылшысы мансабын Англияда жалғастыруы мүмкін

15.01.2021, 21:03
Карло Анчелотти Мойзе Кинді керек қылмады.
«Бавария» шабуылшысы мансабын Англияда жалғастыруы мүмкін

"Баварияның" шабуылшысы Джошуа Зиркзе "Эвертонға" ауысуы мүмкін, деп хабарлайды talkSPORT.

Дереккөздің хабарлауынша, ағылшын клубы 19 жастағы голландиялық шабуылшыны маусымның соңына дейін жалға алу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. "Эвертон" келісімшартқа ойыншыны сатып алу құқығын қосқысы келетіні туралы хабарланды.

Ағымдағы маусымда Зиркзе "Бавария" сапында 9 ойын өткізіп, 2 нәтижелі пасымен көзге түсті. Ал Мюнхендік клуб 15 турдан кейін 33 ұпай жинап, Бундеслигада көш бастап келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×