Желтоқсан айының үздік ойыншысы атанған Бруну Фернандеш АПЛ рекордын орнатты

15.01.2021, 22:45
Фернандеш 2020 жылы бұл сыйлықты төрт рет жеңіп алды.
Желтоқсан айының үздік ойыншысы атанған Бруну Фернандеш АПЛ рекордын орнатты

"Манчестер Юнайтедтің" жартылай қорғаушысы Бруну Фернандеш Англия Премьер-лигасының желтоқсан айындағы үздік ойыншысы атанды.

Премьер-лиганың ресми сайтының хабарлауынша, "Манчестер Юнайтедтің" жартылай қорғаушысы бір күнтізбелік жылда төрт рет осы сыйлыққа қол жеткізген алғашқы ойыншы болды. Бұған дейін Бруну 2020 жылдың ақпан, маусым және қараша айларының үздік ойыншысы атанған болатын.

"Үш гол мен төрт нәтижелі пас - бұл тамаша ай болды. Гол соғу және командаластарыңа көмектесу - өте жақсы сезім. "Манчестер Юнайтедпен" бірге мен басқа да кубоктар мен марапаттарға қол жеткізгім келеді, бірақ бәрінен бұрын тарихты жаңартқаныма өте қуаныштымын", - деді Фернандеш бұл рекорды туралы.

Желтоқсан айында Бруну Фернандеш Англия Премьер-лигасында алты матч өткізіп, үш гол соқты, төрт нәтижелі пас берді. 17 қаңтарда, Премьер-лиганың көшбасшылары - "Ливерпуль" мен "Манчестер Юнайтед" кездеседі. Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 22:30-да.

"Қызыл сойқандар" 17 матчта 36 ұпай жинады және Англия Премьер-лигасының турнир кестесінде көш бастап тұр. Олар Юрген Клопптың шәкірттерінен үш ұпайға озып кетті (33 ұпай).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×