«Тараз» клубының бас бапкері қызметіне үміткер тағы бір маманның есімі аталды

15.01.2021, 23:01
Ол бұған дейін «Атырауда» жұмыс істеген.
«Тараз» клубының бас бапкері қызметіне үміткер тағы бір маманның есімі аталды

43 жастағы молдовалық маман Андриан Сосновский - "Тараздың" бас бапкері қызметіне үміткерлердің бірі, деп хабарлайды Kazfootball.kz.

Андриан Сосновский футболшы кезінде молдовиялық "Зимбру", "Сатурн" және мәскеулік "Торпедо" сынды клубтарда ойнаған. 2005 жылы алматылық "Қайрат" сапында қола жүлдеге ие болды. Ол футболшы мансабын 2013 жылы молдовиялық "Милсами" клубында аяқтап, сол жерде бірден бапкерлік қызметке кірісті.

2016 жылы ол "Милсами" командасының бас жаттықтырушысы ретінде жұмысын бастады. 2018 жылы Сосновский "Атырау" клубының бапкері болды. Ол 14 сәуірде дәл осы қызметке тағайындалып, 12 турдан кейін, 1 шілделе өз қалауымен командадан кетті. Осыдан кейін ол ешқандай командада жұмыс істемеді.

Естеріңізге сала кетейік, бас бапкер лауазымына тағы бір үміткер 44 жастағы сербиялық маман Милош Крушчич болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×