Баварияға жанкүйерлік ету – ғанибет! Ғанибеттігі сол, әр апта сайын жеңістерге қуанып, күрделі, бас айналдырар комбинациялар мен әдемі голдарды көріп, сенің командаңды ешкім жеңіс шыңынан тайдыра алмайтынына сену, клуб үшін керекті ойыншыны сатып алуға ақшасы жетпей қалады деп немесе команданың маңызды ойыншысын ақша жетіспегендіктен сатып жібереді деп қорықпайсың.60-шы, 70-ші, тіпті 2000-шы жылдары туылсаң да, мюнхендік жанкүйерлердің әр ұрпағының өз батыры, өз аңыз ойыншылары бар. Әр ұрпақ өз сүйікті клубының ұлы жеңістеріне куә болады. Клубыңның ойыншылары неміс құрамасында ойнап, саған қосымша мақтаныш әкеледі.
Баварияға жанкүйер болу – қиын. Қиындығы сол, финалдарда соңғы сәттерде жеңіліп қалу. Одан сорақысы сол жеңіліс сенің өз алаңыңда болса. Арман болған трофейдің көз алдыңда сусып бара жатқанын көру, әсіресе жеңістің көптігіне мастанған фанат үшін өте ауыр. Баварияны жек көру – оңай. «Баварияны Аустрияда ойнап жүргенімде жек көргенмін – дейді жас талант Давид Алаба. – Олар қашанда керемет формада, керемет дайындықпен ойнады. Олар жастар турнирінде әдемі автобуспен келіп, әдемі ұтып кететін». Ең көп титул, ең көп ақша. Бір команданың жақсы бапкерін шақырып алса, бір команданың жақсы ойыншысын сатып алады. Баварияны осындай себептермен жек көретін жанкүйерлер Германияның көптеген қалаларында кездесіп жатады. Олар Баварияны менмендік, тәкәппарлығы үшін айыптап жатады. Бірақ Баварияны осы әлетке жеткізген функционер президент Ули Хенесс «Біз тәкаппар болуымыз керек» – деген бір сөзінде. Баварияның «Mia San Mia» ұстанымының мағынасы да осында жатыр. Мағынасы «Біз – бұл біз». Әрқашан өзіңнің өзгелерден мықты екеніңді білу. Бавария турнирдің қай сатысында болмасын, қандай деңгейде ойнасын, олар алаңға өздерін қарсыластан жоғары дәрежеде сезініп шығады. Бұл қасиет ондаған жылдар бойғы жеңіп алынған жеңістердің арқасында Баварияның қанына сіңген. Бірақ бұл көптеген адамдарға ұнамайды. Сол үшінде, Бавария жеңсе 20 миллион неміс қуанады, ал жеңілсе 60 миллион неміс табалайды деп бекер айтылмаған.
Біреулер Баварияны ақшасы көп болғаны үшін көре алмайды. Әрине, Бавария ойыншыларының жалпы жалақысы, немістің екінші командасының жалпы табысынан 3 есе артық болса. Ал бундеслиганың жалақысы ең көп 10 футболшысының 7-уі Баварияда ойнаса. Бірақ мюнхендіктерді ақшасы көп деп айыптауға болмайтын Еуропадағы жағыз клуб. Олардың ақшасы, айдаладан келіп жатқан араб шейхтарының немесе олигархтардың ақшасы емес, олар бундеслиганың басқа клубтарына да зиянын тигізбейді. Мысалға Испаниядағы сияқты. Бавария мұндай жетістікке, жылдар бойғы сауатты жүргізілген қаржылық саясатының арқасында жетті. Неміс чемпионатының тарихында мюнхендіктер ешқашан үлкен шатақтарда беделін түсіріп сенімнен кеткен емес. Оларда тіпті Гитлердің кезінде де нацистік пейіл, көзқарас болмаған.
Баварияны ішкі жағынан жақсы білетін адамдар, клубта өздерін бір үйдің балаларындай сезінетіндерін айтады. Спорттық карьерасын аяқтаған ойыншылардың біразы Бавария құрылымында қалатыны немесе қалғысы келетіні осыны дәлелдесе керек. Бавария қашанда қайырымдылықпен айналысады. Олардың қайырымдылық жолындағы жобалары, ұтып алған трофейлерінің санынан бірнеше есе асып түседі. Германия чемпиондары бірнеше рет цунамиден, аштықтан зардап шеккендерге көмек қолын созған. Әрқашан мүгедек жанкүйерлерін матчтарғаалып шығады. Тіпті чемпионаттағы өзінің қарсылас командасынада қаржылай көмек қолын берген. Солардың бірі, қазіргі қас жауына айналып бара жатқан Дортмундтың Боруссиясы. 2003 жылы Боруссия ойыншыларына жалақы төлей алмай банкротқа ұшырайын деп тұрған шағында 2 миллион доллар аударған. Жыл сайын төменгі лигаларда қаржылық дағдарыста тұрған командалармен жолдастық кездесу өткізіп, жиналған қаржыны сол командаға беріп көмектесіп тұрады.
Баварияға таңданбау мүмкін емес. Футболда жеңіс шыңына шығу қиын, ал сол жерде тұрақтап қалу қиынның қиыны. Бавария сол шыңда ондаған жылдар бойы тұрақтап келеді, соның арқасында жыл сайын күшейіп те келеді. Германияда футболға қатысты есте қаларлық оқиғалар көбіне осы Баварияға қатысты. Герд Мюллер, Франц Беккенбауер, Лотар Матеус, Штефан Эффенберг, Оливер Кан, тағы да басқа көптеген ұлы ойыншылар тек Баварияның бет-бейнесі емес, неміс құрамасының, тіпті жалпы неміс футболының бет-бейнесі болып қалыптасты. Осы үшін де «адекват» Дортмундтықтар, тіпті Баварияны 2 жыл қатарынан жеңген соң да, Бавариямен бір қатарда тұру үшін әлі алыс екенін мойындаған.
Неміс чемпионатын кім ұтып алса да, мейлі ол Боруссия немесе Вольфсбург, Штутгарт немесе Вердер болсын, ерте ме, кеш пе Бавария өз позициясын қайтаратынын бәрі білді. «Оңтүстіктің жұлдызы» осы маусымда Германияда ең басты команда кім екендігіне еш күмән келместей болып қайта жанды. Бундеслиганың торқалы 50-ші маусымын 23-ші рет жеңіп, жыл бойы бастан аяқ Баварияның айқын басымдылығымен өткені де, көптеген рекордтар жаңартып 22 ұпай айырмашылықпен чемпион болғаны, неміс футбол тарихында әзірге тең қарсылас жоқ екенін айқын аңғартса керек. АСЫЛБЕК БЕДЕЛБЕКОВБіздің серіктес: FONBET