ПСЖ РОНАЛДУДЫ САТЫП АЛУҒА НИЕТТІ

17.05.2013, 00:19
ПСЖ РОНАЛДУДЫ САТЫП АЛУҒА НИЕТТІ
«Барселонаның» жартылай қорғаушысы Тиаго Алькантара ендігі маусымын «Бавария» не «Манчестер Сити» клубында жалғастыруы мүмкін. 22 жасар футболшы үшін екі клубта 25 млн. еуро ұсынған екен. Жас талант 2012/2013 жылдың маусымында 24 ойынға қатысып 2 гол соққан. Ағылшындық «Манчестер Сити» клубы «Арсенал» клубының хавбегі Санти Касорланы сатып алуға ұсыныс жасапты. 28 жасар футболшы үшін 25 млн. фунт беруге дайын.  »Арсенал» командасы бұл ойыншыны былтыр 15 млн. фунтқа сатып алған болатын. «Манчестер Сити» клубының жартылай қорғаушысы Дэвид Сильваға екі испандық «Барселона» және «Реал» клубтары футболшыға қолқа салып отыр. Трансферлік құны 45-50 млн. еуромен бағалапты. Футболшы осы жылы 46 ойынға қатысып, қарсыластар қақпасына жауапсыз 5 гол соққан және 16 рет нәтижели пастар берген. Ал француздық чемпион «ПСЖ» клубы мадридтік «Реал» командасының көшбасшысы Криштиану Роналдуға көз тігіп отыр. Париждық клуб португалдық футболшыға 100 млн. еуро беруге дайын екенін мәлімдеді. Ал Роналдуға жылына 18 млн. еуро бермекші. Испандық «Барселона» клубының шабуылшысы Дэвид Вилья келесі маусымын ағылшындық «Тоттенхэм» клубында жалғастырмақ. Шабуылшы үшін 15 млн. еуро беріпті. 31 жасар ойыншы Ла Лигада 29 ойынға қатысып 9 гол салған әрі 4 нәтижелі голдық пастар шығарған. Ал Чемпиондар Лигасында 10 кездесуге шығып 1 гол соғыпты, 1 ғана рет нәтижелі пас беріпті. ҚҰРМЕТ ЖҰМАҒАЗИЕВ аламан сайты
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×