ЕУРОПА ЛИГАСЫ. «ЧЕЛСИ» – ЧЕМПИОН!

17.05.2013, 00:17
ЕУРОПА ЛИГАСЫ. «ЧЕЛСИ» – ЧЕМПИОН!
"Челси"

«Аламан» назарларыңызға УЕФА Еуропа лигасыны Амстердамда өткен финалдық кездесуінің нәтижесін ұсынады. Финалда «Челси» португалиялық клуб «Бенфикамен» ойнады.

Серік ҚАНТАЕВ.

«БЕНФИКА» (ПОРТУГАЛИЯ)«ЧЕЛСИ» (АҒЫЛШЫН) 1:2 (0:0). Амстердам. «Амстердам Арена». Бас төреші: Бьорн Кейперс (Голландия). Голдар:Торрес 54 (0:1), Кардосо 68 минутта пенальти арқылы (1:1), Иванович 90 (1:2). Сары қағаз алғандар:Оскар 14, Гарай 45, Луизао 62

Допқа иелік етті: «Бенфика»: 54%. «Челси»: 46%. Қақпаға соққы бағыттады: «Бенфика»: 17. «Челси»: 11. Ойыннан тыс қалды: «Бенфика»: 1. «Челси»: 8. «БЕНФИКА» (Португалия): Қақпашы:Артур. Қорғаушылар:Андре Алмейда, Луизао, Эсекель Гарай 78 (Жардел), Лоренцо Мельгарехо 66 (Ола Джон). Жартылай қорғаушылар:Неманья Матич, Родриго 66 (Лима), Энцо Перес. Шабуылшылар:Эдуардо Сальвио, Оскар Кардосо, Николас Гайтан. Жоспары:1-4-1-2-3. Бас бапкері:Жорже ЖЕЗУШ.     «ЧЕЛСИ» (Ағылшын): Қақпашы:Петр Чех. Қорғаушылар:Эшли Коул, Гари Кэхилл, Бранислав Иванович, Сесар Аспиликуэта. Жартылай қорғаушылар:Фрэнк Лэмпард, Давид Луис, Рамирес, Оскар, Хуан Мата. Шабуылшы:Фернандо Торрес. Жоспары:1-4-2-3-1. Бас бапкері:Рафаэль БЕНИТЕС.     Өзара болған кездесулері: 27.03.2012. УЕФА Чемпиондар лигасы. 2011/2012. 1/ 4 финал. «Бенфика» (Португалия) – «Челси» (Ағылшын)0:1 (0:0). Лиссабон. «Эштадиу да Луж» алаңы. 60 000 көрермен. Төреші: Паоло Тальявенто (Италия). Гол: Саломон Калу 75 (0:1). 04.04.2012. УЕФА Чемпиондар лигасы. 2011/2012. 1/ 4 финал (қарымта кездесу). «Челси» (Ағылшын) – «Бенфика» (Португалия) 2:1 (1:0). Лондон. «Стэмфорд Бридж» алаңы. 37 264көрермен. Төреші: Дамир Скомина (Словения). Голдар: Фрэнк Лэмпард 21-минутта пенальти арқылы (1:0), Хави Гарсия 85 (1:1), Рауль Мейрелеш 90+2 (2:1).

Финалдық ойын. Көптен күттік. «Бенфика» жеңіп жатса онда сонау жылдардан бергі арман, мақсаттарын орындайды, ал егерде «Челси» жеңетін болса онда тарихқа жаңарту енеді.Бұл сәтті қалт жіберу мүмкін емес еді. Джон Терри осымен екінші финалды алаң жиегінен тамашалауда. Былтырғы жылдың қаһарманы Дрогбаның өзі командасын қолдауға Лэмпардтың жейдесін киіп алаңға жанкүйерлер арасында тамашалап отырды.Ойын барысыда көруге тұрарлық болды. Жанкүйер айызын қандырды. Жиі ұйымдастырылған шабуылдар, қақпа алдындағы қарбалас сәттер, түгелі дерлік екі ұжымның да жанкүйерлерін орындарынан бір тұрғызып, бір отырғызды. Қауіпті сәттер көп болды. «Бенфика» ойыншыларының қарқыны керемет. Шабуылдары да өткір шығуда. Қақпа алдында ойқастады келіп. «Челси» ойыншыларын біраз тықсырып тастады. Алғашқы таймда есеп ашылмады. Келесі таймда бірақ голды көрдік. Торрестің ерекше голдарыны біреуісен куә болдық Артурға дейін жетіп, қақпашыны да оңай алдап өтіп гол салып кетті. Бірақ қуануға әлі ерте еді. «Бенфика» футболшыларының ұйымдастырған шабуылдарының бірінде айып алаңының ішінде Аспликуэтаның қолы тиіп кетті. Төрешінің назарынан бұл сәт тыс қалмады. Он бір метрлік айыпдобын белгіледі. Оқыс соққыларымен көзге түсіп үлгерген Оскар келді. Кардосо мүлт кетпеді. Чех бөлек жантайды, Оскардың тепкен добы тура орта арқылы кіріп кетті. Есеп теңесті. Ойынның аяққы минуттары. «Челси»  бұрыштама добына иелік етті. Жанкүйерлердің ойына былтырғы «Бавария» қақпасына кірген гол сап ете қалды. Дәл солай болды да, Ивановичтің басымен бағыттаған добы қақпа төрінен табылды.

аламан.кз
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×