«Базель» мен «Қайрат» арасындағы матчтың үздік ойыншысы анықталды

01.10.2021, 17:10
Дубль жасаған қорғаушы үздік атанды.
«Базель» мен «Қайрат» арасындағы матчтың үздік ойыншысы анықталды

SofaScore аналитикалық порталы «Базель» мен «Қайрат» ойыншыларының Конференция лигасының топтық кезеңіндегі матчындағы рейтингін жариялады (4:2).

«Қайрат» 6,72, ал алаң иелері 7,02 ұпай жинады.

«Базельдің» оң қапталдағы қорғаушысы Михаэль Ланг (8.4) матчтың үздік ойыншысы болып танылды, ол кешегі ойында дубль жасаған еді.

«Базель» қақпасына бірінші голды соққан гвинеялық шабуылшы Хосе Канте «Қайрат» сапында үздік атанды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×