Роман Мұртазаев Қазақстан құрамасына шақырту алды

01.10.2021, 19:21
Бұған дейін футболшы қосалқы тізімде болған еді.
Роман Мұртазаев Қазақстан құрамасына шақырту алды

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, ресейлік «Балтиканың» шабуылшысы Роман Мұртазаев Қазақстан құрамасының қазан айындағы іріктеу матчтарына шақырту алды.

Бұған дейін 28 жастағы шабуылшы команданың қосалқы тізімінде болған. Жақын арада Мұртазаев 4 қазанда Нұр-Сұлтанда басталатын оқу-жаттығу жиынына келеді.

Соңғы рет Роман маусым айында Солтүстік Македонияға қарсы өткен жолдастық кездесуге шақыртылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×