«Базельдің» бас бапкері: «Жіберілген екі гол жалпы көріністі бұзды»

01.10.2021, 21:35
Бапкер жастардың қателескенін айтты.
«Базельдің» бас бапкері: «Жіберілген екі гол жалпы көріністі бұзды»

«Базельдің» бас бапкері Патрик Рахмен Конференция лигасының топтық кезеңінің екінші турында алматылық «Қайратқа» қарсы өткен ойын (4:2) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды швейцариялық клубтың ресми сайты:

- Біз жақсы ойнадық, қарсыласқа қысым көрсетіп, 4:0 есебімен лайықты түрде алға шықтық. Алайда, біз ауысымдар жасағаннан кейін, жас ойыншылар қателік жіберді, біз оны түзетеміз. Жіберілген екі гол жалпы көріністі бұзды. Біз ойынның тізгінін өз қолымыздан шығарып алдық, өйткені кейбір сәттерде біз өзімізді қауіпсіз сезіндік. Бірақ бұл біз қозғалғымыз келетін бағыт емес. Адамдар соңына дейін қалай күресетінімізді көруі керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×