Мадридтің "Реал" командасының ойыншысы Гарет Бэйл кеше ғана өз агентіне хабарласыпты. Яғни осының алдында "Манчестер Юнайтед" командасынан түскен ұсынысты қайта қозғауын өтініпті. Алып-қашпа әңгімелерге сенсек Уэльс құрамасының негізгі ойыншысы "Реал" бапкері Зинедин Зиданмен келіспей қалған. Соңғы ойында бас бапкер оны 72-минутта алмастырып тастаған. Одан бөлек клуб президенті Флорентино Переске де көңілі толмай жүр екен. Президент өзі айтқан уәдеснде тұрмай жүргенге ұқсайды. Осындай жағдайдан кейін ол "Юнайтед" сапына ауысуды жоспаралап отыр деп жазады Gol.com сайты.