Бэйлдің агенті: «Гарет «Тоттенхэмге» ауысқысы келеді»

16.09.2020, 07:58
Ойыншы Лондондық клубпен келіссөздер жүргізуде.
Бэйлдің агенті: «Гарет «Тоттенхэмге» ауысқысы келеді»

Джонатан Барнетт Мадридтік «Реал» ойыншысы Гарет Бэйлдің «Тоттенхэмге» ауысуына қатысты келіссөздерді растады.

«Гарет әлі де "Тоттенхэмді" жақсы көреді. Біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Ол сол жерде болғысы келеді», - деді Барнетт.

Бэйл "Реал Мадридке" 2013 жылдың жазында "Тоттенхэмнен" ауысып келген еді. Трансфер құны 101 миллион еуроны құрады. Өткен маусымда уэльстік шабуылшы Испания чемпионатының 16 матчына қатысты (негізгі құрамда 12), 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Еске салайық, жанкүйерлер Бэйлді "Реал Мадридтің" 2019/2020 маусымдағы ең нашар ойыншысы деп таныды. Футболшының Мадридтік клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жасалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×