Бранислав Иванович Англиялық клубқа ауысты

16.09.2020, 08:09
Бұған дейін қорғаушы «Челси» клубында өнер көрсеткен.
Бранислав Иванович Англиялық клубқа ауысты

Қорғаушы Бранислав Иванович «Вест Бромвич Альбионмен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды ағылшын клубының баспасөз қызметі.

36 жастағы сербиялық футболшының клубпен бір жылдық келісімшарты бар. Иванович "Вест Бромвич" командасында 20 нөмірмен ойнайды.

Еске салайық, 29 шілдеде Иванович «Зениттен» келісімшарты аяқталғаннан кейін кеткен болатын. 2017 жылдың 1 ақпанында Бранислав Иванович «Зенитке» қосылды. 2018 жылдың шілдесінде ол вице-капитан болды, ал Александр Анюков кеткеннен кейін команда капитаны атанды.

Ресейлік командада қорғаушы 125 матч өткізіп, 12 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. «Зенитпен» бірге капитан Ресейдің екі дүркін чемпионы және ел кубогының иегері болды.

Премьер-Лиганың екінші турында «Вест Бромвич» «Эвертонға» қарсы ойнайды. Кездесу 19 қыркүйекте өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×