Бэйлдың агенті Флорентино Переспен кездесті

21.05.2015, 21:47
Бэйлдың агенті Флорентино Переспен кездесті
"Реал Мадридтің" шабуылдаушы жартылай қорғаушысы жанкүйерлер тарапынан ең көп сынға іліккен футболшы. Егер де, маусым аяғында осындай сауалнама жүргізсе, Бэйл міндетті түрде жеңімпаз атанатыны түсінікті. Испан Премьерасындағы 13 голы мен 9 нәтижелі пасына қарамастан, мамандар да 25 жасар футболшының осы маусымдағы ойыны көңілден шықпайды деп отыр. Футболшының өзі болашағы қалай боларын білмейді. Корольдік клуб болашақта Бэйлға үміт арта ма, әлде маусым аяқталысымен командадан кетуіне мүмкіндік бере ме? Осы сұрақтарға жауап іздеп футболшының агенті Джонотан Барнетт "Реал Мадрид" президенті Флорентино Переспен жолыққан екен. Агент клуб басшысынан шешімді тездетуді талап еткен. Егер де, Мадрид шынымен де сатқысы келсе, Гарет "қызыл сойқандар" сапына ауысқысы келіп отыр. Қыстағы трансферлік маусым кезінде Бұқаралық Ақпарат Құралдарында манчестерлік клубтың "Реал Мадридпен" футболшы жайлы байланысқа түскені жайлы ақпараттар тараған еді. Бүгін де "Манчестер Юнайтед" Бэйлды Англияға қайтару үшін 120 миллион еуро төлеуге дайын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×