Бекхам Манчестерге қайтып келгісі келетінін жариялады
17.10.2011, 04:04
Тек футболшы ретінде емес. Американдық "Лос-Анжелес Гэлакси" клубының намысын қорғап жүрген атақты футболшы Давид Бекхам өз карьерасын бастаған ағылшындық "Манчестер Юнайтед" командасының спорт директоры болғысы келетінін жариялады.
The Sun журналына берген сұхбатында ағылшындық аяқдопшы бұл клубтың ойыны жөнінде ең жақсы естеліктер ғана сақталып қалғанын айтыпты.
lenta.ru сайтының жариялауынша 36-жасар Давид "Манчестер Юнайтедте" те бұрынғы франциялық футболшы Зинедин Зиданның "Реал Мадридтегі" қызметін атқарғысы келетінін мәлімдепті.
Давид Бекхамның футбол карьерасын осы "МЮ" клубында бастағанын естеріңізге саламыз. Жартылай қорғаушы манкуниандық клубтың намысын 1993-2003 жылдары арасында қорғағаны белгілі. Англиялық ұжымның жейдесін киіп жүріп ол алты мәрте Англия біріншілігінің, екі рет ел Кубогінің және бір рет Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды.