Беларусь - Қазақстан ойының бас төрешісі белгілі болды

05.06.2025, 20:15

Беларусь және Қазақстан ұлттық құрамалары арасындағы жолдастық кездесуге ресейлік төрешілер бригадасы қызмет көрсетеді.

 

Беларусь - Қазақстан ойының бас төрешісі белгілі болды

Бас төреші ретінде Сергей Карасев тағайындалды. Оған қосалқы төреші ретінде Максим Гаврилин мен Дмитрий Сафьян көмектеседі. Ал төртінші төреші міндетін Беларусь өкілі Артём Ясель атқарады.

Сергей Карасев өз мансабында Еуропа чемпионаты, Әлем чемпионаты, УЕФА Суперкубогы сынды белді турнирлерде бас қазы ретінде тағайындалған.

Еске салайық, қос құрама арасындағы спарринг 5 маусым күні сағат 22:00-де «Борисов-Арена» стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×