
Беларусь құрамасының қорғаушысы Павел Забелин Қазақстан сапындағы ең мықты футболшыны айтты.
Өткен жұмада ұлттық команда сырт алаңда жолдастық кездесуде Беларусьтен 1:4-болып ұтылған болатын. Қазақстан құрамасының қатарында жалғыз голды Ғалымжан Кенжебек салған.
«Ислам бұдан да жақсы өнер көрсете алады. Оның мүмкіндіктерін жақсы білемін ғой, екеуіміз иық тірестіріп «Тобылда» доп тептік. Чесноковтың әлеуеті сұрапыл. Қазір оны Шотландияға сатып жатыр. Ал өткенде ең көп әуреге салған Самородов деп ойлаймын. Айып алаңына кіргенде бір мүмкіндігі болды. Абырой болғанда қауіптің бетін қайтара алдық. Меніңше, қазақстандықтар бұдан әлдеқайда жақсы ойнай алады», - деді П. Забелин "Прессбол" порталына берген сұқбатында.
Қазақстан құрамасы дүйсенбіде ӘЧ іріктеуінің үшінші турында Солтүстік Македонияны қабылдайды. Әли Әлиевтің шәкірттері әзірге өз тобында 3 ұпаймен үшінші орынға жайғасқан.
Біздің серіктес: FONBET