
Мадридтік «Реалдың» бұрынғы шабуылшысы Криштиану Роналду баспасөз мәслихатында Лионель Месси жайлы сұраққа жауап беріп, аргентиналық футболшыға деген құрметін білдірді.
— Әрине, мен Лео Мессиге құрметпен қараймын. Біз бір сахнада 15 жылдан астам уақыт бойы қатар жүріп келеміз. Есімде, салтанатты шараларда ол ағылшынша жақсы сөйлей алмаған соң, мен оған аударып беріп жүретінмін. Ол маған әрқашан жақсы қарым-қатынаста болды және мені құрметтеді, — деді Роналду.
Айта кетейік, Криштиану Роналду мансабында бес рет «Алтын доп» иегері атанса, Лионель Месси бұл марапатты сегіз мәрте жеңіп алған. Португалиялық шабуылшы «Реал» сапында 2009–2018 жылдар аралығында өнер көрсетті. Ал Месси «Барселона» жүйесінде 2000 жылдан 2021 жылға дейін болды.
Біздің серіктес: FONBET