Неге ұлттық құрамада Стас Покатиловқа сенім артылды?

07.06.2025, 20:24

4 маусым күні Әли Әлиев журналистермен баспасөз жиынын өткізіп, ұлттық құраманың алдағы матчтарына байланысты сұраққа жауап берген еді.

Неге ұлттық құрамада Стас Покатиловқа сенім артылды?

Сол сәтте журналистер ұлттық құраманың бірінші нөмірлі қақпашысы кім деген сұраққа:

— Бізде қақпашылар қатарында нақты бірінші нөмір бар ма? Жоқ. Тағы да қайталап айтамын. Бізде біреуге «сен – бірінші нөмірсің» деп айтсаң болды, ол бірден аспанға қалықтап ұшып кетеді. Оны қайта жерден көрмей қаласың, — деген еді Әли Әлиев.

Осы орайда Беларусь пен Солтүстік Македонияға қарсы матчтарға Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы») шақырту алды.

26 наурыздан бергі (Лихтенштейн Қазақстан 0:2) қақпашылардың статистикалары:

32 жастағы Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан) – клубта 11 ойында негізгі құрамда шығып, тек 1 матчта қосалқы құрамда қалды. 15 гол жіберіп, 1 кездесуде қақпасын аман сақтап қалды. Әзербайжан кубогының финалында «Карабахтың» пенальтиін қайтарып, клубтың алғашқы титулын жеңіп алуға үлес қосты.

26 жастағы Мұхаммеджан Сейсен («Астана») – клубта 8 ойында негізгі құрамда шығып, 4 матчта қосалқы құрамда қалды. 9 гол жіберіп, 3 кездесуде қақпасына гол өткізбеді. «Тобылға» қарсы сәтсіз (4 соққының біреуін ғана қайтарды) өнер көрсеткен. Лихтенштейнмен ойында негізгі құрамда болды.

31 жастағы Александр Заруцкий («Қайрат») – клубта 10 ойында негізгі құрамда шығып, тек 2 матчта қосалқы құрамда қалды. 10 гол жіберіп, 1 кездесуде қақпасына гол өткізбеді. «Ұлытауға» қарсы матчта 14 соққыны қайтарған. «Елімаймен» ойында соңғы минутта қорғаушымен қателікке бой алдырып, есе жіберді. Уэльспен ойында негізгі құрамда болды.

27 жастағы Бекхан Шайзада («Ордабасы») - клубта 8 ойында негізгі құрамда шығып, тек 2 матчта қосалқы құрамда қалды. 5 гол жіберіп, 4 кездесуде қақпасына гол өткізбеді. Көрсеткіші жақсы болса да, Премьер-лиганың соңғы ойындарында «Жеңіс» (2:2) және «Ұлытау» (0:1) жеңіске жете алмады (6 соққының 3-уін ғана қайтара алды).

БАҚ беттеріндегі соңғы жаңалықтарға (Әзербайжан кубогының финалы) қарап, Беларусьпен өтетін ойынға Стас Покатиловқа белгілі бір тұрғыда сенім артылатындығы түсінікті болды. Бірақ жолдастық матч қақпашы өте нашар өтті. Бірінші және үшінші гол барысындағы өрескел қателіктер ірі жеңіліске әсер етті. Бейресми ақпарат бойынша, бұл қақпашыға алдағы кездесуде сенім артылмайды.

Стас Покатилов бірінші рет жанкүйерлер қаһарына ілікті ме?

Стас Покатилов осы уақытқа дейін 29 рет ұлттық құраманың жейдесімен алаңға шықты. Ең алғаш 2015 жылы Ресейге қарсы жолдастық ойында дебют жасап, 0:0 есебімен түсті. 2021 жылы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Францияға қарсы негізгі құрамда шығып, ең ірі 0:8 есебімен жеңілуге душар болды. Сол матчтан кейін жанкүйерлердің наразылығы артып, 2024 жылға дейін қақпаны күзетпеді. Тек 2024 жылы Қазақстан Премьер-лигасында ең көп 11 матчта гол жібермеген кейін, қайта Ұлттар лигасында Аустрия (0:2) және Норвегиямен (0:5) кездесуде қайта сенім артылды. Міне енді кезекті рет негізгі құрамда үмітті ақтамады…

Сіз бірінші нөмір ретінде кімді көресіз?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×