"ПСЖ" президенті: Франция чемпионатынан қарағанда, Испанияда гол соғу оңай

08.06.2025, 14:25

Пари Сен-Жермен (ПСЖ) футбол клубының президенті Нассер Әл-Хелаифи Франция чемпионатына жиі айтылатын сынға жауап берді. Ол Лига 1 деңгейінің төмен екенін айтып жүргендермен келіспейтінін білдірді.

 

"ПСЖ" президенті: Франция чемпионатынан қарағанда, Испанияда гол соғу оңай

«Ла Лигада гол соғу Лига 1-ге қарағанда әлдеқайда оңай. Луис Энрике Лига 1-ді мақтанышпен таныстырып, ағылшын Премьер-лигасының жанкүйерлеріне қарсы шықты. Олар Франция чемпионатын "фермерлер лигасы" деп атаған. Алайда биылғы маусымда біз Чемпиондар лигасында "Манчестер Сити", "Ливерпуль", "Астон Вилла" және "Арсеналды" жеңдік», — деді Аль-Хелаифи Al-Kass Sports арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, өткен маусымда ПСЖ Франция чемпионатын жеңіп алды. Ал басты қарсыласы "Марсельден" 19 ұпайға озып кетті. Сонымен қатар, париждік клуб Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанып, финалда "Интерді" 5:0 есебімен ойсырата ұтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×