«Беленесеш» пен «Бенфика» арасындағы матч мерзімінен бұрын тоқтатылды

28.11.2021, 15:09
Алаң иелері бірінші таймда тоғыз футболшымен ойнаса, екінші таймға жеті ғана ойыншысы шықты.
«Беленесеш» пен «Бенфика» арасындағы матч мерзімінен бұрын тоқтатылды

Футболдан Португалия чемпионатының 12-ші турындағы «Беленесеш» пен «Бенфика» арасындағы кездесу мерзімінен бұрын тоқтатылды. Матч Оэйраш қаласындағы «Насьональ» стадионында өтті.

Коронавирустық індетке байланысты «Беленесеш» 17 футболшысы бұл кездесуге қатыса алмады. Команда Португалия футбол федерациясынан матчты кейінге қалдыруды сұрады, бірақ олар бұл өтінішті қабылдамады. Нәтижесінде алаң иелерінің негізгі құрамында тоғыз ойыншы ғана шықты. Оның екеуі қақпашы болатын.

Бірінші таймда «Бенфика» жауапсыз жеті гол соқты. Екінші таймда «Беленесеш» жеті ойыншымен шықты. Екінші таймның басталғаны сол еді, алаң иелері сапында тағы бір ойыншы жарақат алды, ал төреші бұл кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатты.

12 турдан кейін «Беленесеш» турнирлік кестеде 15-ші орында тұрса, «Бенфика» көш бастап келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×