«Ювентус» басшылары ақша жымқырды деген айыппен тергеуге алынды

28.11.2021, 00:45
Басшылар жалған есеп-қисап жасаған екен.
«Ювентус» басшылары ақша жымқырды деген айыппен тергеуге алынды

«Ювентус» президенті Андреа Аньелли, вице-президент Павел Недвед және бұрынғы спорт директоры Фабио Паратичи тергеуге алынды, деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport.

Оларға жалған есеп-қисап жасады деген айып тағылды. Бізге жеткен мәліметтер бойынша, 2018/19-2020/21 маусымдар аралығында клубтың қаржылық есебінен 50 миллион еуро ұрланған.

Турин полициясы тергеуге қажетті құжаттарды алу үшін «Ювентус» клубының штаб-пәтерінде тінту жұмыстарын жүргізді. Қаржы полициясы жағдайды бастан-аяқ зерттеуде.

Сонымен қатар 2020 жылы Миралем Пьяничті Артурға айырбастау кезінде де ақша жымқырылған екен. Қаржылық есеп бойынша екі клуб үшін де трансфер құны шамамен 50 миллион еуроны құрады. Ал бейресми ақпараттарда босниялық футболшының құны 60 миллион, ал Артурдың трансферлік құны 72 миллион еуро деп көрсетілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×