Бельгия чемпионатының футболшысы «Ордабасы» жейдесін киеді

29.05.2025, 15:54

«Тотальный футбол.KZ» телеграм-арнасының мәлімдеуінше, Руанда құрамасы мен «Әл-Ахли» намысын қорғайтын Джихад Бизимана «Ордабасыға» ауысуға жақын.

Бельгия чемпионатының футболшысы «Ордабасы» жейдесін киеді
Джихад Бизимана

Танымал желінің жазбасына сенсек, жартылай қорғаушы осы жазда шымкенттік команда сапын толықтырмақ. 28 жасар футболшы Ливия чемпионатының биылғы маусымында 5 ойынға қатысып, бір рет мергендік танытқан. Д. Бизимана сондай-ақ, украиналық «Кривбасс», бельгияның «Дейнзе» және «Беверен» клубтарының намысын қорғаған. Жартылай қорғаушы Руанда құрамасының жейдесінде 45 ойында алаңға шығып, 3 голдың авторы атанды. Футболшының трансферлік құны - 1 млн еуро.       

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×