«Астананың» спорттық директоры: казір Абзалсыз команданы елестету қиын...

29.05.2025, 16:54

«Астананың» спорттық директоры Игорь Павлюк «Sport+» арнасына көлемді сұқбат беріп, Абзал Бейсебековтің елордалық клубтағы рөліне тоқталды.

«Астананың» спорттық директоры: казір Абзалсыз команданы елестету қиын...
Абзал Бейсебеков

«Турдың ерекшелігі - көптеген ойыншылар алмасулардан кейін гол соқты. „Астана“ мен „Женис“ арасындағы ойында Абзал есеп 1:2 болғанда ойынға кірді де, команданы алға сүйреп шықты. Ол орталық жартылай қорғаушы ретінде тек қорғаныста ғана емес, шабуылда да көмектесуге тырысты. Абзалдағы ең жақсы қасиеттерін осы ойын барысында көрсетті. Бас бапкер Григорий Бабаян уақытылы ойынға әсер ететін алмасулар жасады. Нәтижесінде Бейсебеков, Рамазан Кәрімов пен Эльхан Астанов қажетті үш ұпайды алып келді. Бірінші таймда ойын осылай дамитынына сену қиын болды, тез гол өткізіп алып, ойыннан шығып қалғанбыз, ойынға кіру ұзаққа созылды. Дегенмен, 10 минут ішінде есепті теңестірдік, бірақ бірінші таймдағы ойын мазмұны бізге сенімділік бермеді. Дегенмен ойыншылар матч алдында сенімде болды, кубок ойынынан кейін қарсыластың күшін түсініп, жанкүйерлік дерби болғандықтан үлкен дайындықпен шықтық. Менің ойымша, Абзал — турдың ең үздік ойыншысы, себебі дәл ол ойын барысын өзгерткен адам. Оның рөлін бағалау қиын, себебі ол клубтың аңызы, дәстүрлерін сақтап келе жатқан ойыншы. Томасов екеуі - екі тірек, олар киім ауыстыратын бөлмедегі микроклиматты ұстап тұрады. Көп нәрсе Абзалдың беделіне, ойын шеберлігіне және жастарға тәжірибе беруіне байланысты. Қазір Абзалсыз команданы елестету қиын», - деді И. Павлюк.

Абзал Бейсебеков биыл «Астана» сапында 2012-жылдан бері өнер көрсетіп келеді. ҚПЛ-2025-те 10 матчта бір гол мен 1 ассисттің авторы атанды. «Астанадан» бөлек «Қайрат», «Восток», «Локомотив» Астана және польшаның «Корона» Кельце клубтарының намысын қорғаған. Футболшының елордалық командамен келісімшарты биылғы жылдың аяғына дейін жарамды. Нарықтық бағасы 300 мың еуро.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×