
Өскеменнің «Алтайы» Бірінші лиганың сегізінші турындағы тартысты теке-тіресте «Шахтерден» басым түсті.
Кездесудің 15-минутында Өскемен футболының түлегі Сергей Хижниченко алаң иелерін алға шығарған 1:0. Рифат Нұрмұғамет ойынның 28-минутында таразы басын теңестірген болатын 1:1. Ал екінші таймның бел ортасында «Алтай» есепте тағы да алға шықты 2:1. Ибрагим Дадаев 11 метрлік айып добынан мүлт кеткен жоқ. Қортынды есеп 2:1 алаң иелерінің пайдасында.
Сонымен, қарағандылық клуб Бірінші лигадағы бірінші жеңілісіне ұшырады. Ал бұл өз кезегінде Вахид Масудов жаттықтыратын өскемендік ұжымның қатарынан төртінші жеңісі. «Алтай» осыған дейін тағы бір фаворит «Каспийді» де қапы қалдырып кеткендігін қоса кету керек.
Шығыс Қазақстандық команда сегіз турдан кейін 17 ұпай еншілеп, үздік үштікі түйіндеуде. Ал көшбасында ақтаудың «Каспиі».
Біздің серіктес: FONBET