Қазақстанның ойнайтын стадионы өзгерді

29.05.2025, 19:14

Беларусь футбол федерациясы (БФФ) Беларусь пен Қазақстан ұлттық құрамалары арасындағы жолдастық матчтың өтетін орнын өзгерту туралы ресми мәлімдеме жасады. Бұған Минскідегі «Динамо» стадионындағы алаң жамылғысының айтарлықтай бүлінуі себеп болды.

Қазақстанның ойнайтын стадионы өзгерді

Федерацияның хабарлауынша, 24–25 мамыр күндері стадионда өткізілген ауқымды іс-шаралар барысында негізгі ойын алаңына құрылымдар орнатылып, салдарынан газонға зақым келген. Мамандардың қорытындысына сәйкес, алаңды толық қалпына келтіруге кемінде екі апта қажет.

Осыған байланысты, Беларусь пен Қазақстан құрамалары арасындағы халықаралық жолдастық кездесу Борисов қаласындағы «Борисов-Арена» стадионына ауыстырылды. Бұл шешім УЕФА және Қазақстан футбол федерациясымен келісілген.

Матч 5 маусым күні, сағат 22:00-де өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×