Еуропа лигасының плей-офф кезеңі аясында Алматылық "Қайрат" пен Бельгиялық "Андерлехт" арасындағы алғашқы кездесу өтті. Ойын нәтижесі бойынша қонақтар 0:3 есебімен айқын жеңіске жетті. Бельгиялық Sporza.be басылымы бұл жеңісті "Қазақстандағы миссияның тамаша орындалуы" деп бағалады.
"Андерлехт” үшін Қазақстанның қиыр шығысына дейінгі 9 сағаттық ұшу сапары оңай болған жоқ. Сонымен қатар, Бельгиялық тарап стадиондағы көгалдың сапасына көңілі толмайтынын білдірді. Дереккөз мәліметінше, бір аптадан аз уақыт бұрын өткен Канье Уэсттің концертінен кейін алаң өте нашар күйде болған.
Матчтың тағдырына әсер еткен басты оқиғалар:
– Қызыл қағаз: "Қайрат” ойыншысы Широбоков Сиканға қарсы дөрекілігі үшін алдымен сары қағаз алғанымен, VAR тексерісінен кейін төреші оны алаңнан қуды.
– Шешуші гол: Үзіліс алдында Сикан үшінші голды соғып, "Қайраттың" үмітін айтарлықтай азайтты. Осыдан кейін "Андерлехт" ойын тізгінін толықтай өз қолына алды.
"Қайраттың” бас бапкері Рафаэль Уразбахтин жеңілісті мойындап: "Үшінші голды жіберіп алған соң, біз үшін ойын аяқталды." — деп мәлімдеді. Ал "Андерлехт" бапкері Витор Бруну өз командасының "Қайратқа” қарсы қалай әрекет ету керектігін жақсы білгенін атап өтті.
Бельгиялық БАҚ-тың пікірінше, "Андерлехт” Еуропа лигасының негізгі кезеңіне жолдаманы іс жүзінде қамтамасыз етті, өйткені екінші таймда команда толық басымдық көрсеткен.
Қос команда арасындағы қарымта кездесу тамыздың 27-і күні Брюссельдегі "Лотто Парк” стадионында өтеді.