Ислам Чесноков "Крылья Советов" клубының ең қымбат ойыншыларының тізіміне енді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, оның нарықтық құны 1,2 миллион еуроға бағаланып отыр.
Бұл көрсеткішпен ол командадағы ең қымбат ойыншылар арасында жетінші орынды иеленді. Сондай-ақ, Денис Макаров, Кирилл Печенин және Николай Рассказов сияқты футболшылар да дәл осындай бағаға ие.
"Крылья Советов” сапындағы ең қымбат ойыншы — Бразилиялық жартылай қорғаушы Фернандо Костанца (2,5 млн еуро). Одан кейінгі орындарда Иван Олейников пен Сергей Бабкин (әрқайсысы 2 млн еуро), сондай-ақ Никита Чернов, Юрий Горшков және Михайло Баняц (1,5 млн еуро) орналасқан.
Қазіргі таңда самарлық клуб Ресей Премьер лигасының турнирлік кестесінде 14-ші орында тұр.
Айта кетейік, РПЛ-де Қазақстандық футболшылар легионер болып саналмайды.