Белоруссия құрамасының шабуылшысы Максим Скавыштың агенті қазақстандық клубтармен келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Vesti.kz.
2020 жылғы маусымдағы Белоруссия чемпионатының үздік сұрмергені ҚПЛ клубтарына ұсынылды. Бірнеше клубтар ойыншының агентімен байланысуда, бірақ оларға ойыншының жеке талаптары сай келмеді.
Қазақстанда ЕЭО елдерінің ойыншылары туралы ережеге байланысты ол легионер болып саналмайды.
Соңғы үш маусым бойы 31 жастағы Скавыш БАТЭ сапында өнер көрсетті. Өткен маусымда ол 29 матчта 19 рет гол соғып, үздік сұрмерген атанды. 2013 жылдан бастап Скавыш Белоруссия құрамасында ойнайды. Ойыншының еншісінде 27 ойын және үш гол бар.
Біздің серіктес: FONBET