«Рома» мен «Интер» футболшы алмастыруды жоспарлап отыр

29.01.2021, 04:19
Екі ойыншы да өз клубтарына қажет емес.
«Рома» мен «Интер» футболшы алмастыруды жоспарлап отыр

"Рома" клубы бас бапкер Паулу Фонсекамен жанжалдасқан Эдин Джекодан құтылу нұсқаларын іздеуде. Римдік клуб босниялық шабуылшыны "Интер" ойыншысы Алексис Санческе айырбастау мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы беделді журналист Фабрицио Романо хабарлады.

Тараптар ойыншыларды алмастыру туралы келіссөздер жүргізді. Transfermarkt Санчесті 10 миллион еуроға, Джеконы 8 миллион еуроға бағалады. Сондықтан "Рома" қосымша ақша төлеуі мүмкін.

Еске сала кетейік, Эдин Джеко қазіргі уақытта бапкердің шешімімен "Рома" командасының негізгі құрамынан бөлек жаттығуда. Сонымен қатар Фонсека босниялық шабуылшыны капитандық белгісінен айырды. Клубтың жаңа бас менеджері Тиаго Пинто ойыншы мен маманды татуластыруға тырысты, бірақ "Рома" басшылығы Джекоға жаңа клуб іздеуін жалғастыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×