Тұңғышбаев «Ордабасының» оқу-жаттығу жиынына қатыспақ

29.01.2021, 04:06
Еркебұлан «Қайраттың» ОЖЖ-нан тыс қалды.
Тұңғышбаев «Ордабасының» оқу-жаттығу жиынына қатыспақ

Еркебұлан Тұңғышбаев 30 қаңтарда Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізетін «Ордабасы» сапына қосылады, деп хабарлайды Айдын Қожахмет.

Алайда, бұл оның мансабын шымкенттік клубта жалғастыратындығын білдірмейді. Тұңғышбаев әлі де «Қайратқа» тиесілі, бірақ клуб оны сатқысы келетіндіктен, командамен жаттығуға мүмкіндігі жоқ. Тіпті алматылық клуб оны Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиынына да қосқан жоқ.

«Ордабасыда» ол тек формасын сақтауды жалғастырады. Әрине, шымкенттіктер өз тәрбиеленушісін қайтаруға қарсы емес. Алайда тараптар келіссөздер процесін әлі бастаған жоқ. Екі клубтың басшылығы ақпан айында ғана ойыншының болашағын талқылайды деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×