Бен Чилвелл «Челси» ойыншысы атанды

27.08.2020, 03:16
Лэмпард бұл ойыншыны Эшли Коулдың ізбасары ретінде көреді.
Бен Чилвелл «Челси» ойыншысы атанды

Лондондық "Челси" өзінің ресми сайтында "Лестер Сити" қорғаушысы Бен Чилвеллді алғандығы жайлы хабарлады.

Трансфер құны жарияланбады, бірақ бұған дейін The Telegraph "Челсидің" ойыншы үшін 55 миллион еуро төлейтіні туралы хабарлады. Чилвелл Лондон клубымен 2025 жылдың жазына дейін келісімшартқа отырды.

"Мен "Челсиге" клуб үшін өте қызықты уақытта қосылғаныма қуаныштымын.

Мен Фрэнк Лэмпард бастаған жас әрі жігерлі топқа қосылуды асыға күтемін. Келесі маусымда біз жүлдеге таласатын боламыз. Мен «Стэмфорд Бриджде» «Челси» жанкүйерлерінің алдында ойнауды тағатсыздана күтемін, және бұл ұзаққа созылмайды деп үміттенемін", - деді Чилвелл жаңа клубқа ауысқандығы жайлы.

23 жастағы Чилвелл - «Лестер Сити» түлегі және сол клубта ойнайды. Өткен маусымда футболшы Англия Премьер-лигасының 27 матчына қатысты (барлығы - негізгі құрамда), үш голдың авторы атанды, үш нәтижелі пас берді, сонымен қатар үш сары қағаз алды. Англия құрамасы үшін 11 матч өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×