«Оқжетпес» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

27.08.2020, 00:52
«Оқжетпес» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Көкшетаулық «Оқжетпес» Қазақстан Премьер-лигасының алтыншы турында «Тараздан» басым түсті.

Алғашқы голды «Тараз» шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек 26-минутта пенальтиді сәтті орындау арқылы соқты. Екінші таймның басында «Оқжетпес» есепті теңестірді. Санат Жұмаханов гол авторы атанды. 74-минутта «Оқжетпес» алға шықты. Айып алаңның сыртынан жасалған дәл соққы Жиан Мартинс үшін сәтті болды. Алайда, жалпы уақыттың аяқталуына төрт минут қалғанда Тұрысбек дубль жасап, есепті қайта теңестірді. «Оқжетпес» 89-минутта жеңісті жұлып әкетті. Марко Обрадович "Тараз" қақпасына үшінші голды соғып, матчтың нүктесін қойды.

Осылайша, «Оқжетпес» осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, үш ұпайы бар команда турнир кестесінде соңғы орынды қала бермек. Ал «Тараз» (5 ұпай) жетінші орынға тұрақтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×