Португалиялық «Бенфика» «Манчестер Ситиге» 23 жастағы орталық қорғаушы Рубен Диасты сатуға келісімін берді, деп хабарлады журналист Фабрицио Романо өзінің Twitter парақшасында.
Жақын арада португалиялық қорғаушы медициналық тексеруден өтуге және 5 жылдық жеке келісімшартқа қол қою үшін Манчестерге келеді деп хабарланды. Өз кезегінде, «Бенфика» 32 жастағы "Сити" қорғаушысы Николас Отамендиді қатарына қоспақшы. Рубен Диастың трансфері үшін «Бенфика» 55 миллион еуро алады, ал Отаменди трансфері 15 миллион еуроға бағаланды.
Рубен Диас - "Бенфиканың" түлегі. Қорғаушы негізгі құрамда 2017 жылдан бері ойнап келеді. Португалия чемпионатының соңғы маусымында Рубен Диас 33 матч өткізіп, екі гол соқты, үш нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET