Бензема «Арсенал» мен «Манчестер Сити» клубтарының біріне ауысуы мүмкін

10.08.2015, 23:31
Бензема «Арсенал» мен «Манчестер Сити» клубтарының біріне ауысуы мүмкін
Бензема «Арсенал» мен «Манчестер Сити» клубтарының біріне ауысу мүмкін Ағылшындық қос клуб «Арсенал» мен «Манчестер Сити» Карим Бензаманы өз қатарларына қосқысы келеді. Франциялық футболшы үшін 70 млн еуро ұсынып отыр. Екі клубтың да жаңа маусымға дайындықтары жаман емес. Чемпиондықтан дәмелі.  Серхио Агуэро мен Вильфрид Бони секілді шабуылшылары бар Сити үшін Бензема маңызды ма? Оның үстіне Стерлинг те жаңа командасында (жолдастық кездесулерде) нәтижелі ойындарымен көзге түсіп жүр. «Арсенал» командасының алдын орап мықты шабуылшыны өз қатарларына қосуды мақсат тұтқан клуб Бензема үшін аянып қалмасын дәлелдеу үстінде. Ал Уэлбек, Уолкот, Жиру секілді үш тәжірибелі шабуылшысы бар «зеңбірекшілер» сапына Каримнің кеп қосылғаны француз футболшысына тиімді ме? Келсе негізгі құрам үшін талас та тартысты болары сөзсіз. «Реал Мадрид» клубының президенті Флорентино Пeрес мырза қандай шешім қабылдар екен? Егер Бензема «Арсенал» ойыншысы атанса «зеңбірекшілер» тарихындағы ең қымбат футболшы атанбақ.
  • Қазіргі кезде «Арсенал» сапындағы ең қымбат ойыншы — Месут Озиль. Бұл футболшыны лондондық клуб 2013 жылы 50 млн еуроға сатып алған болатын.
  • 2014/15 жылғы маусымда Бензема 46 ойында, 22 гол соғып, 15 нәтижелі пасымен көзге түскен.
Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×