"Қайраттың" қарсыласы Франция чемпионатын жеңіліспен бастады

10.08.2015, 20:09
"Қайраттың" қарсыласы Франция чемпионатын жеңіліспен бастады
Франция чемпионаты да жаңа маусымдағы ойындарын бастады. Жұма күні еурокубоктегі жеребенің қорытындысы бойынша "Қайраттың" қарсыласы болған "Бордо" өз алаңында өткен маусымда 15-ші орынға тұрақтаған "Реймске" жеңіліп қалды. Бірінші таймның қорытыдысы бойынша қайраттықтармен жақын уақытта екі матч өткізгелі отырған "Бордо" жеңіп жатқан. Дегенмен, матч соңғы 10 минуты Вилли Саньоль баптайтын командаға өте сәтсіз болды. Қонақтар 80 және 87-ші минуттарда қос гол салып, "Бордоны" өз жанкүйерлері алдында ұпайсыз қалдырды. Айта кету керек, бұл кездесуде "Бордоның" капитаны, жартылай қорғаушы Григори Сертич жарақат алып қалды. Алайда, ем-домы қанша уақытқа созылары әлі белгісіз. Еске сала кетсек, Еуропа Лигасының 4-ші іріктеу кезеңі аясында "Қайрат" пен "Бордо" 20 және 27-ші тамыз күндері екі ойын өткізеді. Алғашқы матч Францияның "Бордо" қаласындағы"Стад-де-Бордо" стадионында өтсе, қарымта кездесу Алматының "Орталық" стадионы қабылдайды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×