Бензема кешегі матчта Ферлан Мендиден Винисиусқа пас бермеуін өтінді

28.10.2020, 21:40
«Реал Мадрид» соңғы минуттарда гол соғып, бір ұпай алып кеткен еді.
Бензема кешегі матчта Ферлан Мендиден Винисиусқа пас бермеуін өтінді

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде "Боруссия Менхенгладбахпен" болған матчтың үзілісі кезінде Мадридтік "Реал" ойыншылары арасындағы диалог камераға түсіп қалды.

Бірінші таймнан кейін "Реал Мадрид 0:1 есебімен ұтылып жатты. Екінші таймның басында германиялық команда есепті еселей түсті, алайда "Реал" матч соңында, 87 және 90-минуттарда гол соғып, камбек жасады.

Екінші тайм басталар алдында корольдік клубтың ойыншылары трибунаның астындағы бөлмеде тұрды. Серіктестерін күткен шабуылшы Карим Бензема қорғаушы Ферлан Мендиге француз тілінде: "Бауырым, Құдай үшін, оған пас беруге болмайды. Ол бізге қарсы ойнап жатыр" деп айтқан екен.

RMC Sport хабарлауынша, Карим өзінен бірнеше метр қашықтықта тұрған Винисиус Жуниор туралы айтқан. Бразилиялық шабуылшы кеше Ферлан Мендидің қапталында ойнады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×