Гүлжігіт Алықұлов маусым соңына дейін ойнамауы мүмкін

28.10.2020, 23:28
«Астанамен» өткен ойында соғылған үш голға да өз үлесін қосқан еді.
Гүлжігіт Алықұлов маусым соңына дейін ойнамауы мүмкін

Қырғызстан құрамасы мен «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алықұлов ауыр жарақат алды.

Ол Қазақстан чемпионатының 14-туры аясында өткен «Қайрат» - «Каспий» матчында жарақат алып, алаңнан кеткен болатын. Ол 15-турдағы «Тобылға» қарсы ойынға шақырту алған жоқ. Расталмаған мәліметтер бойынша, ол маусым соңына дейін қатардан шығып қалды.

Айта кетейік, Гүлжігіт Алықұлов «Қайрат» сапында 2020 жылдың басынан бері өнер көрсетіп жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×