Жасур Нарзикулов: «Ақтөбесіз» ҚПЛ-дің қызық емес екенін бәрі түсінген шығар»

29.10.2020, 01:24
Биыл «Ақтөбе» Премьер-лигада қайта бақ сынауға дайын екенін дәлелдеді.
Жасур Нарзикулов: «Ақтөбесіз» ҚПЛ-дің қызық емес екенін бәрі түсінген шығар»

«Ақтөбе» футбол клубының қақпашысы Жасур Нарзикулов «Арысқа» қарсы ойыннан кейінгі сұхбат берді.

- Алдымен барлық жанкүйерлерді премьер лигаға қайта оралуларымен құттықтаймын. "Ақтөбесіз" ҚПЛ-дің қызық емес екенін бәрі түсінген шығар деп ойлаймын (күлді). Бұл сөзді мен маусым басында айтқанмын және қайталаудан жалықпаймын. Біз ең басты алға қойған мақсатты орындадық. Ол үшін көптеген себептерді негізге алуға болады. Мысалы, команда атынан облыс басшысына жан-жақты қолдау бірдіргені үшін алғысымды бірдіремін. Сонымен қатар қорытынды есепке жетуге барлық жағдайды жасаған клуб бысшылығына, және бір жанұядай болып кеткен барлық бапкерлер мен клуб қызметкерлеріне алғысым шексіз.

Сондай-ақ біздің қайталанбас жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамын. Маған күн сайын жанкүйерлер жазып, сәттілік тілеп отырады. Сіздердің біз үшін уайымдап, қуанатындарыңызды білеміз. 13 сектордың Шымкентке келіп, біз үшін қолдау білдіргеніндей, Премьер-лига клубтарының жанкүйерлері жасамаған шығар. Бұл үлкен көрсеткіш. Осындай қолдау бізді қанаттандыратыны сөзсіз және қолыңды түсіріп ойнауға еш құқығың жоқ екенін білесің. Біз әр ойында барымызды салдық. Жаңа маусымда одан да мықты болатынымызға сенімдімін. Барық жеңістер әлі алда. Алға "Ақтөбе".

Естеріңізге сала кетейік, бүгін «Ақтөбе» футбол клубы Түркістан облысының «Арыс» командасын 1:0 есебімен жеңіп, 29 ұпаймен топта көш бастап тұр. Матчтағы жалғыз голды 37-минутта Бобан Джорджевич салды. Келесі ойынды «Ақтөбе» 31 қазан сағат 10:00-де «Алтайға» қарсы өткізетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×