Беранек "Астана" бапкері

26.04.2012, 22:53
Беранек "Астана" бапкері

Украиналық маман Олег Протасовтың орнына "Астана" командасын жаттықтыру үшін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек келетін болды. Қаңтар айында елордалық команданы қолға алған белгілі бапкер ұжымды толықтай жасақтай алмаған сияқты. Соның салдарынан "Астана" ел біріншілігіндегі алғашқы ойындарын сүреңсіз өткізді.

Тіпті, соңғы турда олар өз алаңында аутсайдер "Оқжетпеске" 1:4 есебімен ойсырай ұтылды. Ұлттық құрамамыздың базалық командасына айналуы ықтимал болған ұжымның бұлайша ақсап жатуы басшыларға ұнамаса керек. Енді оның орнын құрама команданың бас бапкері Мирослав Беранек басатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×